Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысар тұста жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.