Жүргізушілерге арналған telegram бот іске қосылды

16.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«ҚазАвтоЖол» мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметті пайдалану үшін смартфон мен телеграм қосымшасы болса жеткілікті.
«ҚазАвтоЖол-Бот» арқылы жүргізушілер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс жағдайы туралы жедел ақпарат ала алады.

Жолдағы жағдайды онлайн бақылау үшін бар болғаны «Камера трансляциясы» батырмасын басып, өзіңізге қажетті жол учаскесін таңдасаңыз жеткілікті. Осыдан кейін бот таңдалған жердегі бейнетрансляцияны жіберіп, жүргізушілерге жолдағы нақты жағдайды көруге мүмкіндік береді.
Ботта онлайн трансляциядан бөлек бірнеше қосымша сервис те іске қосылған. Пайдаланушылар оператормен байланыс, теңгерімді тексеру, балансты толықтыру, жол бойындағы жанармай құю бекеттері және ауа райы туралы ақпарат ала алады.
-Бұл цифрлық қызмет жүргізушілерге сапарын тиімді жоспарлауға, уақытты үнемдеуге және жолдағы қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі,-делінген хабарламада.

Автосақтандыру құнының өсуіне қатысты ақпаратты мына жерден аласыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью