Журналист Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты жаңа деректі айтты

13.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атырау облысында үлкен резонанс тудырған қылмыстық іске қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл оқиғаға байланысты қосымша мәлімет жариялады. Оның айтуынша, күдіктілер 5 қараша күні Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келген.

Журналистің мәліметінше, кейін әйелді қатыгездікпен өлтіріп, бұған дейін қаза тапқан Наурыздың жанына жерлеген.

Бұл жағдайға қатысты Жанар Молдашова әлеуметтік желіде пікір білдіріп, оқиғаның адам сенгісіз қатыгездікпен жасалғанын атап өтті.

"5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да аяусыз өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған. Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен", – деп жазды журналист.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью