Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстанда вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайыМәлімет бойынша, өнімді өткізу үшін әлеуметтік желілердегі онлайн-дүкендер пайдаланылып, жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылған.
"Ұйымдастырушы қамауға алынды""Қылмыстық схемаға қатысушылар конспирация шараларын сақтап, соның ішінде ақшаны қабылдау және кейіннен қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлерді пайдаланған. Қылмыстық табыс сомасы 221 миллион теңгеден асты", - деп хабарлады ведомство.
Сот санкциясымен күдіктілердің пәтері мен автокөлігіне арест қойылды. Ұйымдастырушының қамауға алынғаны хабарланды.
"Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Сондай-ақ жыл басынан бері агенттік вейптерді заңсыз өткізу деректері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастағаны белгілі болды. Барлығы 717 мың дана өнім тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді қолдану, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында никотинге тәуелділіктің дамуына ықпал ететінін ескертеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу