Жүз миллиондарға салып, қайта бұзу үшін бе? Ақтөбеде шулы көпқабатты үйлерді бұзып жатыр

12.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты үй бұзылып жатыр. Тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған, алайда ондаған отбасы асыға күткен баспана өмір сүруге жарамсыз болып шығып, ақыры сүрілетін болып шешілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Поделиться

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты үй бұзылып жатыр. Тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған, алайда ондаған отбасы асыға күткен баспана өмір сүруге жарамсыз болып шығып, ақыры сүрілетін болып шешілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі ірі құрылыс дауынан кейін Есет батыр тұрғын алабындағы апатты көпқабатты үйлер бұзылып жатыр. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген №39 "К" және №40 "К" үйлері пайдалануға берілгеннен кейін небәрі үш жарым жыл өткен соң тұруға жарамсыз деп танылды. Тұрғындар 2023 жылы көшірілген болатын, енді ғимараттарды бұзу басталды.

"Апатты үйлердегі барлық пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2024-2025 жылдары құрылыс салушыларға қатысты сотта қылмыстық іс қаралды. Нәтижесінде құрылыс салушылар сапасыз құрылыс салдарынан келтірілген барлық шығынды бюджетке өтеді. Бұл бос тұрған үйлер тұрғындарға, соның ішінде балаларға қауіп төндірді. Сондықтан бұл нысандарды пайдалану тергеу аяқталғанша уақытылы тоқтатылды", - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл.

Шенеуніктің айтуынша, апатты ғимараттарды бұзуға ниеттілер ұзақ уақыт бойы табылмаған. Ақыры құрылыс компанияларының бірі жұмысты өз есебінен орындауға келіскен.

"Жыл соңына дейін компания бұзу жұмыстарын жүргізіп, аумақты тазалайды. Келісімге сәйкес, жер телімі жергілікті атқарушы органдардың иелігінде қалады. Кейін қала әкімі бұл учаскеде әлеуметтік нысан салына ма, әлде сквер жасала ма, нақты шешім қабылдайды", - деп атап өтті Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі.

Бұл үйлердің тарихы 2019 жылы басталған. Сол кезде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Есет батыр тұрғын алабында екі төрт қабатты үй тұрғызылды. Олардың құрылысына бюджеттен 337 миллион 465 мың теңге бөлінді. Жаңа пәтерлерді бюджеттік мекеме қызметкерлері, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері алды. Екі үйде барлығы 48 пәтер болған.

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Алайда көптен күткен қоныс тойының қуанышы ұзаққа созылмады. Біраз уақыттан соң тұрғындар елеулі ақауларды байқай бастады. Қабырғаларда терең жарықтар пайда болып, мамандар конструкциялардың деформациясын және іргетасқа қатысты мәселелерді анықтады. Нәтижесінде 2023 жылы екі үй де ресми түрде апатты деп танылып, барлық отбасы шұғыл түрде мемлекеттік бағдарламамен салынған басқа көпқабатты үйге көшірілді.

Кейін бұл оқиға қылмыстық іске ұласты. Құрылыс салушы, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалауға жауапты компаниялар сот алдында жауап берді. Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық, сапасыз құрылыс жүргізу және сараптамалық жұмыстарды тиісінше орындамау бойынша кінәлі деп танылды. Тағайындалған жазадан бөлек, айыпталушылар мемлекетке сапасыз құрылыстан келген шығынды өтеуге міндеттелді.

Үкім шығып, тұрғындар көшірілгеніне қарамастан, апатты үйлер сәтсіз құрылыс жобасын еске салып, тұрғын алаптың ортасында тағы бірнеше жыл тұрды.

Фото Tengrinews.kz

Енді қолжетімді баспананың символы болуы тиіс көпқабатты үйлердің тарихы экскаватор шөмішінің астында аяқталып жатыр. Бюджеттің жүздеген миллион теңгесі жұмсалған бұл үйлер тұрғындарға уәде етілген жайлылық бермеді және Ақтөбе тарихында кейінгі жылдардағы ең ірі құрылыс дауларының бірі ретінде қалды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

НОВОСТИ АКТОБЕ | ZA AKTOBE (@za_aktobe) жарияланымы

Айта кетейік, төрт қабатты үйлер апатты деп танылған соң, 48 отбасы алдымен уақытша баспанаға көшірілді. Адамдар бес ай күтті, бірақ оларға тұрақты баспана берілмеді. Содан кейін қала тұрғындары түсініктеме беруді талап етті. Жұрт көшеде қаламыз ба деп алаңдады. Дау-дамайдан кейін шенеуніктер оларды мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа үйге орналастырды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Ақтөбе қаласы Құрылыс сүру баспана сапа тұрғындар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью