Жыл басынан 21 мың жүргізуші мас күйінде ұсталды

10.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жолда ессіз жүйткитін жүргізушілерді жүгендеу үшін балдық жүйе енгізілуі мүмкін. Заңнан қаймықпайтындар айыппұлмен ғана құтылмай, емтиханды қайта тапсыруға мәжбүр болады. Бас прокуратурада осындай ұсыныс айтылды. Апатқа кінәлі жүргізушілердің 81%-і бұған дейін де бірнеше мәрте ереже бұзған. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші бір жылда 32 рет заң бұзып, соның ішінде 13 рет жылдамдықты асырған. Сайып келгенде, қаңтарда дәл осы жүргізуші қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушысы қаза тапты. Сондықтан ұсынылып отырған балдық жүйе жол апатын азайтуға оңтайлы шешімдердің бірі болуы мүмкін. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью