Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ведомствоның мәліметінше, жол қауіпсіздігі саласында 3 млн астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тоқтатылып, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жарақат алғандардың санын азайтуға ықпал етті. Ведомство басшысы барлық мемлекеттік органдар мен қоғамды тарта отырып, жүйелі профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.
Кеңейтілген алқа отырысында қылмыс көрсеткіші 9%-ға төмендегені айтылды. ІІМ жаңа міндеттерді айқындады. Жеке құрамға бақылауды күшейтіп, әрбір құқықбұзушылық фактісіне принципті баға беру және жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету тапсырылды.