Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
«FSM Social» жүйесі арқылы 124 сигнал тіркеліп, олардың ішінде 52 адамға әлеуметтік сүйемелдеу жүргізілді.
Барлығы 284 азамат кешенді бақылауға алынып, 68 адамның мәселесі толық шешімін тапты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Орталықтың негізгі міндеті – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету. Қазіргі таңда мұнда 25 маман жұмыс істейді.
Орталық ашылғаннан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7 отбасыға кешенді көмек көрсетіліп, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Азаматтар тұрақты тіркеуге қойылып, тиісті мекемелерге орналастырылды. Бір бөлігі «Дағдарыс орталығына» және «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына» жіберілгенін орталық директорының орынбасары Оксана Құбаева атап өтті.
Жалпы ашылған күннен бастап 539 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 79 адам тікелей орталыққа жүгінсе, 427 өтініш «FSM Social» жүйесі арқылы тіркеліп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Бүгін, 12:07