Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірдегі ұзындығы 100 шақырымнан астам каналды тазалады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан болатын.
Жұмыстарға арнайы техника тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі берген жерснарядтың көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылды.
Қазір ирригациялық каналдарға жоспарланған жылдық тазарту жұмыстарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар өңірде 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымының төменгі бөлігін нығайту жұмыстарын қоса алғанда, су тасқынының алдын алу іс-шаралары толық көлемде орындалды", – деді "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.