Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомство.
2026 жылдың басынан бері Астана және Алматы қалаларында инватакси қызметі 77,2 мың рет көрсетілген. Оның ішінде ақпан айында – 38,6 мың рет. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл қызмет 489,8 мың рет пайдаланылған еді.
Жоба аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін қолдана алады. Бұл жүйе көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимде тапсырыс мәртебесін бақылауға және сапарларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге ерекше қажеттіліктері туралы ескерту жасай алады, ал жүргізушілер арнайы нұсқаулық алады.
Министрліктің мәліметінше, басты шарт – сапар ақысынан агрегатор пайдасына пайыз алынбайды. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға келісім берген.
Жоба 2026 жылы Астана мен Алматыда пилоттық режимде жалғасады.
Бүгін, 15:57