Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Есепті кезеңде "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 4 млн 302 мың тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады "ҚазТрансОйл".
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 394 мың тоннаға немесе 10%-ға артық.
"Оның ішінде компания ішкі нарыққа 3 млн 618 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 261 мың тоннаға немесе 8%-ға жоғары. Экспортқа 685 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 133 мың тоннаға немесе 24%-ға артық", - депжазылған хабарламада.
2026 жылдың 8 айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 1 млрд 784 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125 млн тонна-шақырымға немесе 8%-ға жоғары.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі, ең алдымен, отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес экспорттық бағыттағы мұнай тасымалдау көлемінің артуымен байланысты, дейді компанияда.