Жыл басынан бері Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 227 446 мыңнан асты

12.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар көрсеткіші 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолданады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырмандар бар.

Кітапхана қоры 64 тілдегі 84 664 құжатты құрайды. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, нота және аудио-видеолар мен архивтік құжаттар жинақталған.

ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы. Порталдың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалуында. Кез келген пайдаланушы порталға тіркелусіз толық мәтінді құжаттармен таныса алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью