Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 395,2 миллион теңге бағытталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бөлінген қаражаттың 131,3 миллион теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, ал 263,9 миллион теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалған.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 миллион 538 мың адамды құрайды.
Министрлік дерегіне сәйкес, аталған күнге жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болған. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының орташа көлемі – 103 931 теңге, ал базалық зейнетақы – 53 912 теңге.