Жыл басынан елде 400 ден астам адам астан уланды

28.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

- 2025 жылдың 9 айында бақылау және қадағалау объектілеріне байланысты жаппай тамақтан уланудың 28 жағдайы тіркелді (2024 жылы – 13 жағдай), зардап шеккендер саны - 413 адам, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Тамақтан уланудың негізгі себебі өнімді жеткізуден және сақтаудан бастап оларды дайындау мен сатуға дейінгі санитариялық–эпидемиологиялық талаптардың орындалмауынан болған. Сондай-ақ медициналық тексерусіз жұмыс істеуге рұқсат алған персоналдың бактерия тасымалдаушы ретінде анықталу деректері бар.

- 2025 жылы жеміс-жидек, қауын-қарбыздан жаппай улану жағдайдары тіркелмеді, - деп нақтылады комитет.

Атап айтқанда, адамдар тамақтан уланған жағдайда, шұғыл көмек пен одан арғы емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады. Егер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша сот шешімімен қылмыстық құқық бұзу белгілері болған жағдайда, субъект зардап шеккендердің материалдық залалын өтеуі мүмкін.

Еске салсақ, жақында Арқалықтағы тойда 80-нен астам адам уланып қалды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью