24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Елде жыл сайын 5 млн-ға жуық адам екпе салдырады. Оның 1,3 млн-ы бала. Алайда кейінгі кездері әлем бойынша вакциналаудан бас тартатындар көбейген.
Біздің елде бұл көрсеткіш кейінгі 8 жылда 3,8 есе өскен. Адамдардың жеке сенімі, діни көзқарастары және интернетте тараған жалған ақпарттар да вакциналауға әсер етеді, - дейді мамандар.
Нарғыз Мұратова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
- Елімізде 2025 жылы 20 мыңнан астам бастарту дерегі тіркелді. Уақытылы вакцинациялаудың басты артықшылығы ол - аурудың алдын алу. Иммундық қорғанысты құру. Ата-аналардан балаларды вакцинациялауды назарға аударуды сұраймыз. Вакцина болмаса тіркелген жері бойынша тез арада шараларды қабылдауды сұраймыз.