Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Иә, қарастырып жатырмыз. Шешім қабылдаудың нақты бір әдісі бар, яғни кейбір мәселе бойынша жауап беру мерзімдерін 3, 5, 10 күн деп белгіледік. Егер осы уақыт ішінде жауап бере алмасақ, онда бұл мәселе жүйелі сипатқа ие деген сөз. Мұндай сұрақтар Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобында талқыланатын сауалдар себетіне жіберіледі. Бұл — жыл сайын отырыс өткізетін стандартты жұмыс тобы. Өзгерістерді, бәлкім, осы жылдың соңында көретін шығармыз. Олар келесі жылы күшіне енуі ықтимал, — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Ол түзетулер енгізу қажеттігі жөнінде бірқатар шешім қабылданғанын атап өтті.
— Жасырып қажеті жоқ, енгізілуі тиіс деп шешім қабылдаған мәселе өте көп. Кейбір тұстарда Бюджет пен Салық кодекстері арасында сәйкессіздіктер болған. Жалпы жағдай жұмыс тәртібінде. Жобалық кеңсе қалыпты режимде отырыстар өткізіп жатыр, — деді Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің алтыншы отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын имплементациялау мәселесінің кезекті тобы талқыланған еді.