Жыл тоғысындағы қоныстой

07.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтерген 120 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысқан салтанатты рәсімде баспана кезегінде тұрған жандарға пәтер кілттері табысталды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жыл алмасар шақтағы жаңа­лық­тарға, құрылыс, оның ішін­де тұрғын үй құрылысы саласындағы көрсеткіштерге тоқталып, жаңа пәтер иелерін құттықтады.

– Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін де, өңіріміз үшін де бірлік пен бере­ке­нің, тұрақтылық пен татулықтың, жасампаздық пен жарқын істердің жылы болды. Аймақ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындардан көрінді. Жалпы, өңірлік өнім көлемі жыл қорытындысында 3 трлн 700 млрд теңгеге жетіп, 6,5%-дық өсім қамтамасыз етілді. Облыс бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2021 жылдан бері 246%-ға өсті. Оның 56%-ы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Даму бюджетінің көлемі биыл 207 млрд теңге­ге жетіп, 2021 жылмен салыстырған­да 4,4 есеге артты. Өңірімізде қолайлы инвес­тициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып келеді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында баспанамен қамту, инфрақұрылымды қайта жаңғыртуға қатысты қажетті шаралар қабылданды. Аймақта 3 жыл ішінде 200-ге жуық әлеу­меттік нысан салынуы осы сөзіміздің дәлелі. Ұзақ жыл пәтер кезегін күткен сіздер де бүгін мемлекет қолдауымен бас­панаға қол жеткізіп отырсыздар. Қоныс­тарыңыз құтты болсын, – деді Н.Нәлібаев.

Былтырдан бері қалада заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеріп келеді. Жыл тоғысында қолданысқа беріліп отырған мына үй де тіршілігі күннен-күнге жанданып келе жатқан сол жағалаудағы көрікті ғимараттардың бірі.

Жалпы кейінгі жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер табысталды. Кейінгі үш жылда алғаш рет барлық ауданда 1 800-ге жуық жаңа пәтер ел игілігіне берілді. Биыл 3 600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджет­тен 58 млрд 785 млн теңге бөлініп отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА 

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью