Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бүгін «Жыл волонтері -2025» халықаралық сыйлығының иегерлері анықталды.
Мемлекет басшысы бастамасымен қолға алынған дәстүрлі шараға еліміздің әр өңірінен келген белсенді жас қатысты. 46 үміткердің жыл бойғы атқарған еселі еңбегі елініп, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Олардың жобалары мен жұмыстары волонтерлік қызмет саласындағы жанқиярлық пен тиімділіктің үлгісі деп танылған. Көпшілікке көмек қолын созып, игі іс жасап жүрген жандардың мерекесі аясында «Игі істер марафоны» қорытындыланды.
Ақбота Болатбекқызы, JAS ULAN TEAM республикалық волонтерлер штабының жетекшісі:
- Бүгін жылдың үздік волонтері ретінде сыйлық алдық. Өте қобалжып тұрмын осы нәтижеге жеткеніме. Бұл тек менің емес, менің командамның біздің оқушыларымыздың барлығымыздың еңбегіміз. Олар көріп қуанып отыр деген ниеттемін және осындай бастамаларды қолдаған ақпарат министрлігіне алғысымызды білдіреміз.
Шара аясында еріктілер қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген қоғам белсенділері мен қатар бірқатар ұйым мүшелері марапатталды. Қатарында "24кз" ұжымы да бар. Біздің арнаға "Ең белсенді медиа" номинациясы табысталды.