Жылап жіберді : Шымкентте мұғалім оқушыны ажалдан аман алып қалды

28.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі №36 мектептің мұғалімі Айгүл Жұбаева оқушыны ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Сабақ үстінде оқушы кәмпитке қақалып қалған.

"Ол жөтеле бастады. Мен бірден оның қақалып қалғанын түсіндім. Оқушы кеудесін ұстай бастады. Мен қасына тез барып, өзім білетін әдісті қолдандым", – дейді Айгүл Жұбаева.

Мұғалім бұл әдісті бұрыннан білетінін айтты.

"Кезінде өзімнің кішкентай балам да осылай қақалып қалған еді. Сол кезде үйреніп алғанмын. Дәл сол тәсілді қолданып, оқушыны құтқарып қалдым. Ол жылап жіберді. "Жылама, бәрі жақсы болады" деп бауырыма қысып, жұбаттым", – дейді ұстаз.

Айгүл Жұбаеваның педагогика саласында 26 жылдық тәжірибесі бар. Оның 11 жылын бастауыш сынып мұғалімі ретінде өткізген.

Мұғалім бұл жағдайды жария етпеген. Тек кешке оқушының ата-анасына хабарлап, ата-аналар тобына алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндірме жасаған. Ал аман қалған баланың ата-анасы, мектеп басшылығы мен әріптестері ұстазға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью