Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 15 шілде- Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жылдам жүктерге арналған жолаушылар кеден декларациясын толтыру тәртібіне өзгеріс енгізді.
Оған сәйкес, кеден декларациясында ұялы байланыс функциясы бар ұялы телефондар мен планшеттердің IMEI-кодтары туралы мәліметті көрсету қажет болады.
Әзірге бұл талап тек Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасына қатысты қолданылады. Бұл талап Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына шетелден әкелінетін ұялы телефондар мен планшеттерді тіркеу және олардың заңды қолданылуын тексеру тәртібі бар болғандықтан енгізілді.