Жылдың қорытынды турнирін ұтқан италиялық теннисші бірегей нәтижеге қол жеткізді

17.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Италиялық теннисші Туринде аяқталған ATP қорытынды турнирінің финалында әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасты жеңді — 7:6 (7:4), 7:5.

Синнер 2024 жылы да ATP қорытынды жарысында үздік шыққан еді. Онда финалда америкалық Тейлор Фрицтен басым түскен.

Осылайша, италиялық теннисші спорттық жолында 24-інші, биылғы маусымда алтыншы титулына қол жеткізді. Бұған дейін ол Парижде, Бейжіңде, Венада, сондай-ақ Уимблдон Аустралия ашық чемпионатында үздік атанды.

Сонымен қатар Синнер үздік ондыққа кіретін теннисшілерді 59 рет ұтты. Ол соңғы 78 матчтың 71-інде қарсыластарын қапы қалдырды.

Туриндегі айтулы додада бірде-бір ойында жеңілмеген Я.Синнер 5 млн 71 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Оның осы маусымдағы табысы 19,12 млн долларға жетті.

Биыл Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина барлық бес кездесуінде қарсыластарын ұтып, 5 млн 235 мың доллар табыс тапқан еді. Сөйтіп ол әйелдер теннисі тарихында рекордтық нәтижені тіркеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Мысырдағы турнирдің финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ жас теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Денис Евсеев Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 турнирінің финалында германиялық Венсан Марыскодан 6:7 (1:7), 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью