Жылқы еті Польшадағы наразылыққа себеп болды

17.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Польшаның Катовице қаласында жылқы етінен әзірленген тағамдар ұсынатын мейрамхана маңында бірнеше аптадан бері наразылық акциясы өтіп жатыр. Жануарлар құқығын қорғаушылар мәзірден жылқы етін алып тастауды талап етіп отыр, алайда мекеме иесі бұл өнімнен бас тартуға ниетті емес. Кейбір елдер үшін қалыпты саналатын тағам неге Польшада дау тудырғаны туралы Tengri Life материалында.

Неге белсенділер мейрамхана алдында наразылық білдіріп жатыр?

Tatarland мейрамханасы Катовице орталығында биыл 10 шілдеде ашылды. Оның мәзірінде еттің түр-түрінен, соның ішінде сиыр, бұғы, елік, муфлон және жылқы етінен дайындалған тағамдар бар. Тағамдар тізімінде жылқы етінен жасалған тартар мен стейк кездеседі.

Жылқы етінің болуы "Aktywiści Abolicjoniści" (белсенділер-аболиционистер) ұйымы белсенділерінің наразылығын тудырды. Бұл – жануарларды толық "азат ету" және оларды адамның қанауына жол бермеу үшін күресетін польшалық зооқорғау ұйымы.

Мейрамхана ашылғаннан кейін бірнеше апта өткен соң-ақ олар мекеме маңында акция өткізе бастады. Наразылық шарасы осы күнге дейін жалғасып келеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aktywiści Abolicjoniści (@aktywisci_abolicjonisci) жарияланымы

Белсенділер мейрамханаға плакаттармен, жылқылардың, соның ішінде қасапханадағы жануарлардың суреттерімен және дауыс күшейткіштермен келеді. Олардың басты талабы - жылқы етін мәзірден шығару.

Олар жылқы етіне ғана емес, жалпы жануарларды ас үшін өлтіруге қарсы екендерін мәлімдеді. Дегенмен қазіргі уақытта олардың науқаны негізінен жылқыларға бағытталған.

"Бұл мейрамханада бұғы, елік және муфлон сияқты басқа да жануарлардың еті беріледі. Біз оларды да өлтіруге қарсымыз. Бірақ бүгінде Польшадағы аңшылық мәдениетін және жабайы аң етін тұтынуға оң көзқарасты жеңе алмайтынымызды білеміз. Сондықтан бүгін біз жылқылар үшін күресіп жатырмыз", - деп атап өтті қозғалыс өкілдері.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aktywiści Abolicjoniści (@aktywisci_abolicjonisci) жарияланымы

Олардың айтуынша, жылқы ең алдымен азық көзі емес, адамның серігі ретінде қабылдануы тиіс. Олар қоғамның жылқыға деген ерекше ықыласын алға тартып, жылқы етін жеуді ит пен мысық етін жеумен теңестіреді.

Мейрамхана белсенділерге жол бермей отыр

Бұл ретте жергілікті БАҚ мәліметінше, мейрамхана жылқы етін мәзірден алып тастаудан бас тартып отыр. Мекеме иесі мұндай етті сату заңды екенін, ал 78 злотых (шамамен 9,2 мың теңге) тұратын жылқы етінен жасалған тартар мен 142 злотых (шамамен 16,7 мың теңге) тұратын жылқы стейгі мекемедегі ең өтімді тағамдардың бірі екенін айтады.

Наразылық шарасы Дворцовая көшесіндегі көршілес мекемелерге де әсер етті. Кейбір мейрамхана иелері шулы акциялар кесірінен келушілер бұл жерге ат ізін салмайтын болды деп шағымданып отыр.

Бір жағдайда қала билігіне араласуға тура келді: жиын шамадан тыс шу кесірінен тоқтатылды.

Неге Польшада жылқыларға қатысты дау туды?

Tatarland-қа қатысты жағдай Польшада жылқыларға қалай қарау керектігі туралы кеңірек талқылау аясында туындады. Осыған ұқсас ең көп талқыланатын даулардың бірі Польша Татрадағы Теңіз көзі көліне туристік сапарлармен байланысты. Ол жерге туристер дәстүрлі түрде ат арбамен жеткізіледі, ал зооқорғаушылар бірнеше жылдан бері бұл тәжірибеге қарсы шығып келеді.

2026 жылдың тамызында Теңіз көзі маңында жылқыларды туристерді тасымалдауға пайдалануға қарсы кезекті акция өтті. Оқиға орнында белсенділер мен олардың қарсыластары арасында қақтығыс болып, полиция араласуға мәжбүр болды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Stop Dorożkom Konnym (@stop_dorozkom_konnym) жарияланымы

Осылайша, Tatarland-қа қатысты жағдай қазіргі поляк қоғамында жылқының орны қандай болуы керек - ауыл шаруашылығы жануары ма, көлік құралы ма, ат спортының қатысушысы ма әлде адамның серігі ме деген пікірталастың кезекті кезеңіне айналды.

Әзірге қақтығыс тараптары ортақ мәмілеге келген жоқ: белсенділер наразылықты жалғастыруға ниетті, ал мейрамхана жылқы етінен бас тартуды жоспарлап отырған жоқ.

Бұл ретте қазақтардың күш-қуаты жылқы етін жеу дәстүрімен байланыстырылды. IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Кишон Дэвис қазақстандық экс-чемпион Жанқош Тұраровпен спарринг өткізді. Жаттығудан кейін америкалық боксшы қазақстандықтарды жылқы еті мықты етеді деп әзілдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью