Жылу, экология және спорт: Самұрық Қазына Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады

17.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Абай облысының орталығы Семей қаласында «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен және қол­дауымен бірқатар ірі әлеумет­тік, инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар өңір­дегі энергетика тұрақ­тылы­ғын арттыруға, эко­ло­гиялық жағдайды жақ­сартуға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Мәселен, 320 мың тұрғыны бар шаһар­ды жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа жылу электр орталығы салынып жатыр. Нысанның құрылыс барысымен Абай облысына жұмыс сапарымен барған «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен облыс әкімі Берік Уәли танысты.

Жобаға сәйкес Семей қаласының сол жағалауында орналасқан үшінші жылу электр орталығының белгіленген электр қуаты 405 МВт, жылу қуаты – 1000 Гкал/сағ. болмақшы. Бұл көрсеткіштер қала қажеттілігін толық өтеп, өңірдің энергетика жүйесінің тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді.

Сапар барысында қор басшысы «Самұрық-Энерго» компаниясының басшылығымен, мердігерлермен кездесіп, жобаны іске асыру қарқынын, жұмыстың қазіргі жай-күйін талқылады. Әсіресе құрылыс мерзімін сақтау, құрылыс барысын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған нысанды 2029 жылы іске қосу жос­пар­ланған. Кездесу қорытындысында жұмыстың тұралап қалуына жол бермей, жобаны межелі мерзімде аяқтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар құрылыс қарқынын жеделдетуге барлық қажетті шараны қабылдау керектігі ескертілді.

Жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы өңірдегі экологиялық жағдайға да оң әсер етеді. Жоба аясында «таза көмір» технологиялары мен заманауи газ тазарту жүйелерін қолдану көзделген. Бұл қазіргі көмірмен жұмыс істейтін энергия көзімен салыстырғанда зиянды шығарындыны айтарлықтай азайтады.

Сондай-ақ осы күні Семей қаласының Бейбітшілік аралындағы орман алқабында «Самұрық-Қазына» қоры Абай облысы әкім­дігімен бірлесіп экологиялық ак­ция өткізді. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бас­тамасы аясында ұйымдастырылды.

Науқан аясында жас көшеттер отырғызылды. Жалпы, кейінгі екі жылда «Самұрық-Қазына» тобы ел көлемінде 5,8 млн түп ағаш еккен. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

«Биыл «Самұрық-Қазына» компаниялары 5 миллионнан астам тал егуді жоспарлап отыр. Бұл –  жай ғана акция емес, күнделікті өмірлік философиямыздың бір бөлігі. «Таза Қазақстан» – негізгі құндылықтарымыздың бірі», деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Ұлттық әл-ауқат қоры өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да атсалысып келеді. Осы орайда «Самұрық-Қазына» қолдауымен Семей қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақшы. Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен облыс әкімі Берік Уәли нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысып, құрылыстың баста­луын білдіретін капсуланы салды. Жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты кешенде әртүрлі спорт түріне арналған залдар, 100 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы, өзге де қажетті бөлімдер қарастырылған. Жобаны іске асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бағытталады.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» қорының қол­дауымен елімізде 19 ірі спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл кешендерде 700 мың­­нан астам адам спортпен айналысады. Биыл дәл осындай нысандар Ақтөбе, Ар­қа­лық, Қонаев қалаларында да салынады.

Жалпы, кейінгі 8 жылда Абай облысында қордың қолдауымен 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Олардың ішінде балаларға арналған 2 оңалту орталығы, инклюзияны қолдау кабинеттері, зағип жандарға арналған арнайы кітапхана, спорт алаңдары, өзге де нысандар бар.

«Семейдегі жаңа кешен болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына серпін береді деп сенемін», деді Нұрлан Жақыпов салтанатты рәсімде.

«Самұрық-Қазына» қорының бастамалары Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Қор тобы жүйелі жұмысты әрі қарай да жалғастырып, өзге өңірлерде де ел игілігіне арналған жобалардың санын арттыруды көздеп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Мәселе • Бүгін, 08:58

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Сана тазармай, дала тазармайды

Қоғам • Бүгін, 08:38

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Театр • Бүгін, 08:35

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Қоғам • Бүгін, 08:33

Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы

Медицина • Бүгін, 08:30

Тайм-менеджмент және талапты студент

Жастар • Бүгін, 08:27

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью