Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
- Павлодар ЖЭО-1 орталығында технологиялық бұзушылықтар саны екі есеге жуық артқан. Бұзушылықтардың басым бөлігі жекелеген қазандық агрегаттарында тіркелген, ал кейбір жабдықтар белгіленген мерзімде күрделі жөндеуден өтпеген. Меншік иесі тарапынан жөндеу науқанының жүйелі түрде жеткіліксіз қаржыландырылуы стансаның тозу деңгейінің жоғарылауына әкелді. Өткен жылдың қараша-қаңтар айларында, сондай-ақ биылғы ақпанда №2 турбинаның жұмысында кездескен ақаулар соның айқын дәлелі. Сол кезде станса бір тәулік бойы резервсіз жұмыс істеп, қаланың оңтүстік бөлігін тұрақты жылумен қамтамасыз етуге қауіп төндірді, - деп мәлімдеді әкімдіктен.
Мұндай тәуекелдер Ақсу қаласындағы РОК-2 стансасында да байқалған. Былтыр желтоқсан айында штаттан тыс болған жағдай қазандықтар мен қосалқы жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуіне апарып соқтырған. Станса жұмысы жедел түрде қалпына келтірілді. Барлық технологиялық бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдар тексеріс жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқамалар берген.
Биыл облыстың энергия көздерінде негізгі жабдықтың 41 бірлігін жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 9 энергетикалық блок, 24 қазандық, 6 турбина және 2 түтін мұржасы бар.
Бұған дейін Павлодарда әбден ескірген жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтетінін жазғанбыз.