Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтіп, елімізде ауқымды металлургиялық жоба іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін заманауи комбинат салу көзделген. Бұл – өндірісті дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін маңызды бастама, деп жазады Egemen.kz.
Фото: saudagovkz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайдың Фуцзянь провинциясына жасаған жұмыс сапары барысында ірі инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясымен металлургиялық комбинат салу мәселесі пысықталды.
Жоспарланған жобаға сәйкес, инвестиция көлемі 1,2 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Комбинат іске қосылған жағдайда шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірілген болат негізінен ішкі нарықты қамтып, сонымен қатар экспортқа бағытталмақ.
Сонымен бірге тараптар Қазақстан аумағында басқа да өндірістік жобаларды дамытуға ниетті. Атап айтқанда, Jinyuan тоқыма компаниясымен жіп иіру өндірісін іске қосу және шикізатты терең өңдеу бағыттары қарастырылып жатыр. Weihua Heavy Machinery компаниясымен жүк көтергіш техника шығаратын өндіріс пен инженерлік орталықтар құру мүмкіндігі талқыланып жатыр.
Shenda Electric компаниясымен трансформаторлар мен электротехникалық өнімдер өндіру жобасы пысықталса, Jinlun Hi-tech Fiber компаниясымен синтетикалық талшықтар мен химиялық өңдеу саласындағы жобалар қарастырылып отыр.
Бұл бастамалар елімізде қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар өндірістерді жергіліктендіру арқылы Қазақстанның индустриялық базасы нығая түседі.
Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Фуцзянь – Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және экспорттық өңірлерінің бірі. Қазақстан Қытаймен тек ел деңгейінде емес, нақты аймақтармен тікелей жұмыс істеу арқылы тиімді нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр.
«Фуцзяньның порттары арқылы Қазақстан өнімдері Қытайдың оңтүстігіне және АСЕАН елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік алады», деді министр.
QazTrade мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Фуцзянь провинциясы арасындағы тауар айналымы шамамен 522 млн долларды құраған. Бұл көрсеткіш екіжақты экономикалық байланыстардың әлеуеті жоғары екенін айқындайды.
Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды
Соңғы жаңалықтар
Елордада тиімді бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 14:43
Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды
Заң • Бүгін, 13:32
Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?
Қоғам • Бүгін, 13:25
Жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады
Экономика • Бүгін, 13:13
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Оқиға • Бүгін, 12:57
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 12:15
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 12:07
35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді
Білім • Бүгін, 11:56
Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 11:49
Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:36
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Бүгін, 11:30
Автоматты жүйе және 187 бағдаршам: LRT қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Елорда • Бүгін, 11:23
«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?
Мектеп • Бүгін, 11:12