Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Онда жылына 450 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаратын заманауи май экстракциялау зауытын салу көзделген. Кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың бірі ретінде саналып, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады деп күтіледі.
— Зауытта күнбағыс, рапс және зығыр майын өндірілетін болады. Тәулігіне 1 500 тоннаға дейін шикізат өңделеді, — делінген хабарламада.
Жобаны осы өңірде жүзеге асыруға шикізат қорының молдығы (күнбағыс, рапс және зығыр өндірісі бар), сондай-ақ өңірдің географиялық тұрғыдан қолайлылығы ықпал етті.
Бұл логистикалық мәселелерді жеңілдетіп, негізгі өткізуші нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт салынатынын жаздық.