Жылыой ауданында масаң күйде болған азамат 16 тәулікке қамалды

28.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Ол Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабы 2-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Сот дерегінше, құқық бұзушы бір жыл ішінде қайталап қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болған. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген.

Сот отырысында азамат кінәсін ішінара мойындады. Іс материалдары оның құқық бұзушылық жасағанын толық дәлелдеді. Қайталанған әрекет және масаң күйде жасалғаны жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 16 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Бүгін, 13:55

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью