Жылыой ауданында жасөспірімдер арасында төбелес болды: Қатысушылар есепке алынды

25.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: www.belnovosti.by

Өңірлік полиция департаментінің мәлімдеуінше, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталған. Заңға қайшы әрекетке қатысқандар (13-14 жастағылар) заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Жинақталған іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Сонымен қатар олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарағанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью