Жылыой, Индер және Мақатта жаңа депутаттар сайланды

29.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

26 қазанда қосымша сайлауда үш ауданның сайлаушылары мәслихаттардағы босаған орындарға жаңа депутаттарды сайлады. 

Жылыой ауданында №3 бірмандаттық аумақтық сайлау учаскесінде 1393 сайлаушының 943 дауысын жинаған  "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ КМК-нің директоры Асулан Абдрахманов жеңіске жетті. 

Ал №12 бірмандаттық сайлауға 2149 сайлаушы қатысып, "Жылыой кәсіпкерлері" қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұрлан Надиров 1259 дауыс жинап, аудандық Мәслихаттың депутаты болды. 

Индер ауданындағы № 3 бірмандаттық сайлауға тіркелген үш кандидаттың ішінен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбол Ерғалиев жеңіске жетті. Мақат ауданында № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша "Доссормұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасының басшысы Бағдат Ниязғалиев сайланды аудандық Мәслихат депутаты болып сайланды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 10:38

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью