Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атырау облысында Жалпыұлттық пул шеңберінде 10 жоба іске асырылады. Бұл бастамалар аймақ экономикасының түрлі саласын қамтып, 1200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.
Инфрақұрылымды-инновациялык жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Гүлфайруз Маратованың айтуынша, биыл Атырау облысында Жалпыұлттық пул аясында 20 жоба жоспарланып, 10-ы іске қосылды.
- Бүгінде жүзеге асырылған жобалардың қатарында FFS қаптар шығаратын зауыт, құбырлар мен жабдықтарға арналған бөлшектер өндірісі, тауық етінің жартылай фабрикаттары өндірісі, №6 турбоагрегатты ауыстыру, вагон дөңгелек шеберханасы және Farabi International School жекеменшік мектебі бар, - деді Г.Маратова.
Ал жыл соңына дейін іске орындалуы тиіс жобалардың қатарында:
ет өнімін өндіруге бағытталған құс фабрикасы, тауарлы балық шаруашылығы, жылыжай кешені, көкөніс қоймалары, кемпингтер, дәнекерлеу және сервистік цехтар, құрама жем өндіру зауыты, жаңа мектептер, қонақ үй және әкімшілік кеңсе құрылысы бар.Бұл бағдарламалар өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ.
Бүгін, 11:28