Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Енді сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінім беріп, электрондық шартты «ҚТК» АҚ порталы арқылы рәсімдеуге болады.
Бұдан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесіне автоматты түрде жолданады.
Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлік бойынша бірыңғай цифрлық база құрылғанын жазған болатынбыз.
Автомобиль мен жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде нысан сатып алушының атына тіркелгенге дейін ақша бұғаттаулы тұратын механизм іске қосылмақ. Жаңа жоба туралы Үкіметте өткен қаржы саласына цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында айтылды.