Жыр жауҺары : Ақтөбеде жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті

07.09.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жыр додасына 10 жас жазба ақын қатысып, өздерінің ақындық шеберліктері мен шығармашылық қарым-қабілеттерін ортаға салды. Байқаудың ерекшелігі – Орал, Алматы және Қызылорда қалаларынан арнайы келген жас ақындардың қатысуы.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Поэтикалық дуэль екі кезеңнен тұрды:

І кезең – "Жыр жауһары"

Қатысушылар тіл тақырыбында немесе Ақтөбе қаласына арналған бір өлең және еркін тақырыпта бір өлең оқыды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 6 ақын келесі кезеңге жолдама алды.

ІІ кезең – "Көңіл дәптері"

Бұл кезең нағыз жекпе-жек форматында өтті. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 6 ақын жеребе арқылы жұптасып, еркін тақырыпта екі өлеңнен оқып, өзара бақ сынады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нәтижесінде:

І орын – Піржан Сандыбай (Алматы); ІІ орын – Тәуекелов Нұрсерік (Ақтөбе) және Санақұл Бексұлтан (Қызылорда); ІІІ орын – Дәурен Шамұратов (Орал); Арнайы жүлде – Жанкеева Жанерке (Ақтөбе).

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Барлық қатысушыларға орталық атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью