Жыршы Күнсұлу Түрікпеннің Алдаспан шығармашылық кеші өтті

20.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін жыршы Күнсұлу Түрікпеннің «АЛДАСПАН» атты шығармашылық кеші өтті.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, термелер мен толғаулар шырқалды. Атап айтқанда, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Ақтамберді, Қазтуған, Шал ақын мен Бұхар жыраудың шығармалары көрермендерге рухани азық сыйлады. Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері Ерболат Шалдыбеков, Мақсат Медеубек, Әлихан Дүйсенбай және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысты.

Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі:

- Елге кешегі аталарымыздан қалған аманатты жеткізу үшін осындай үлкен ауқымды шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Бұл кеш "Алдаспан" деген жыр кеші. біздің қазақ даласында өмір сүріп, Қазақтың руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жырау бабаларымыздың барлығының жыр мұрасы бүгінгі кеште қамтылады. Бағдарламаны біз солай құрдық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью