Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Павлодардағы қалалық ХХ ғасырдың 30-жылдары бұрынғы Воскресенск зиратының орнына салынды.
Алғашында бұл жерде ағаштар ғана отырғызылған. Ал саябақтың ресми ашылуы тек 1946 жылы тамызда өтті.
Фото: Николай МохиревФото: Николай Мохирев– Орталық саябақты жөндеу мен абаттандыруға шындап кірісті. Аумағын қоршап, фонтан орнатып, гүлзарлар жасады. 1947 жылы өртенген драма театрының орнына жазғы кинотеатр салынды. «Лето» кафесі ашылды. Саябаққа кіретін орталық қақпаны ерекше безендіруге көңіл бөлінді. Оның алдына ақын Владимир Маяковскийдің мүсіні қойылды, - дейді Павлодардың жергілікті тарихшысы Людмила Баюшева.
Тарихшының айтуынша, 60-жылдары қалалық саябақты тек Қазақстан емес, бүкіл Кеңес Одағындағы ең үздік саябақтардың бірі деп мойындаған.
1962–1968 жылдары саябақта түрлі аттракциондар орнатылып, Павлодардағы ең алғашқы айналмалы дөңгелек пайда болды. Тіпті мұнда планетарий мен күлкі бөлмесі де болған.
Фото: Николай Мохирев– Саябақта кәсіби әртістер де, әуесқой өнер ұжымдары да өнер көрсететін. Мұнда мерекелер тойланып, түрлі көрмелер мен кітап жәрмеңкелері ұйымдастырылатын. Қалалық саябақ павлодарлықтар үшін басты әрі ең сүйікті демалыс орны болды. Әсіресе демалыс және мереке күндері адам өте көп болушы еді, - деді Людмила Баюшева.
Сонымен қатар қалалық саябақ орналасқан бұрынғы қорым жайлы қала тұрғындарының арасында түрлі аңыздар тараған. Бұл жерде павлодарлық белгілі Деровтар, Карбышевтер мен Суриковтар әулетінің отбасы мүшелері де жерленген екен.
Жұрттың сөзіне сенсек, қорымды тегістеп, жермен-жексен еткенімен, сүйектерді ешкім қазып алып, басқа жерге көшірмеген көрінеді. Тек большевиктердің бауырластар зираты ғана сақталған.
Фото: Николай МохиревОсыдан кейін бұл жерде елдің қиялы ерекше дамыды ма, әлде шын мәнінде тылсым оқиғалар болды ма белгісіз. Аңыздардың біріне сенсек, орталық саябақ аумағында құрылыс жүргізгендердің барлығы жұмыс аяқталғаннан кейін көп ұзамай, күтпеген жерден қайтыс бола бастаған көрінеді.
Ал ең танымал аңыз – ақ көйлек киген қыз туралы. Жұрт түнде оның елесі саябақ аумағында қалықтап жүреді дейді.
Фото: Николай МохиревПавлодар орталық саябағы осыдан 15 жыл бұрын ғана халықтың ең жақсы көретін демалыс орны еді. Бірақ аумақты жөндеу мен жаңарту үшін шенеуніктер ештеңе істеп жатқан жоқ. Ары кетсе, тас төсемдерін ауыстырғанын ғана көре аласыз. Қызмет ету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен аттракциондарды жыл сайын әйтеуір жүріп тұрсын деп жөндеп қояды. Бірақ жаңа ештеңе әкелмейді.
Айтпақшы, саябақтың жағдайы мәз болмаса да, қала тұрғындары әлі күнге мереке кезінде, әсіресе Балаларды қорғау күні бұл жерге көптеп жиналады.
Фото: Артем Викторов / KazinformЕске салсақ, бұрынырақта павлодарлықтар орталық парктегі екі аттракционның жоқ болып кеткенін байқаған. Ал қала әкімдігі оларды жоспарлы жөндеу үшін алып тастағанын айтты.
Фото: Артем Викторов / KazinformБұған дейін Павлодарда жаңажылдық іс-шараларға жылдағыдан 8 есе аз қаражат бөлінгені туралы жазған едік.