Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орны – АДА университетінде Каспий теңізінің таяздануы мәселелеріне арналған «Каспий мәселесі: себептері, салдарлары және шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бұл іс-шара биыл 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге академиялық орта, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел, Милли Мәжіліс депутаты, АДА университетінің проректоры Фариз Исмаилзаде, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Таза энергия орталығының атқарушы директоры Айсель Ягубова, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Сүлейменова, Әзербайжан Республикасы СІМ Климаттық дипломатия департаментінің директоры Эльчин Аллахвердиев, су мәселелері және климаттық дипломатия саласындағы басқа да жетекші сарапшылар сөз сөйледі.
Елші Әлім Байел өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология мәселелеріне айрықша мән беріп келе жатқанын атап өтті.
«15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өтеді. Ата заңның жаңа жобасында азаматтардың табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыпты қарау жөніндегі міндеттері алғаш рет айқындалған. Ал мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді», деді ол.
Сондай-ақ елші дөңгелек үстел қатысушыларын сәуір айында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Дипломат Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы да айтып берді.
Айсель Ягубова Каспий теңізінің таяздану себептері мен оның жағалаудағы мемлекеттер үшін салдарына тоқталып, бұл мәселеге халықаралық қауымдастықтың назарын аудару қажеттігін атап өтті. Ал Зүлфия Сүлейменова Каспий мәселелерін талқылау бастамасына жоғары баға беріп, бүгінгі күні теңіздің таяздануын тек циклдік үдерістермен байланыстыруға болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теңіздің жағдайына жаһандық жылыну елеулі теріс әсер етіп жатыр. Сондай-ақ ол Қазақстанның табиғатты қорғау шараларындағы жетістіктері туралы айтып берді.
Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында
Дөңгелек үстел барысында өңірдегі экологиялық дағдарыстың себептері талқыланып, ықтимал шешімдер бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесіп шешу жолындағы Қазақстан мен Әзербайжанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.
Соңғы жаңалықтар
Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:50
Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді: Өңірлік құзырет орталығы қандай мәселені шешеді?
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Атырауда 102 млн теңгенің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
Оқиға • Бүгін, 12:37
37 градус аяз: Алдағы демалыс күндері күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Биыл қанша суару каналы цифрландырылады?
Қоғам • Бүгін, 12:22
Зүлфия Сүлейменова: Жаһандық жылыну Каспий теңізінің жағдайына теріс әсер етіп жатыр
Экология • Бүгін, 12:10
Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 12:05
Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды
Реформа • Бүгін, 11:57
Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі
Мектеп • Бүгін, 11:45
Ішкі істер министрлігі ескертеді: Смартфоныңызды алаяқтар қашықтан бақылап отыруы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 11:37
583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Семейде «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ауырмайтын жол ізде: Профилактикалық мәдениет қалыптасып келе ме?
Медицина • Бүгін, 11:12
Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:11
Петропавлда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады
Оқиға • Бүгін, 10:55