Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың уақытша ұстау изоляторына қамалған сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбаны аталған істі қоғам назарына шығарып жүрген тележурналист Руслан Өтепбай жариялаған.
Журналистің жазуынша, Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленоваға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол жуырда уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ Өтепбай қазіргі таңда Төленованың қамқорлығында бірде-бір баланың қалмағанын, барлығы мемлекеттің қарауына өткенін атап өтті.
«Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар», – деп жазды журналист.