Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазіргі таңда Қазақстан алдында бірнеше маңызды міндет тұр: экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті азайту, технологиялық тәуелсіздікті күшейту, ғылым мен инновацияны дамыту, инженерлік және IT салаларын жаңа деңгейге көтеру. Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен сапалы адами капитал қажет. Ал «Сириус − Қазақстан» жобасы дәл осындай жаңа буын мамандарын дайындауға негіз болады.
«Сириус» мектептерінде «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы оқытылады
Жобаның тағы бір маңызды артықшылығы – оқушыларды ерте жастан зерттеу мәдениетіне, аналитикалық ойлауға және нақты мәселелерді шешуге үйретуі. Көп жағдайда дәстүрлі білім беру жүйесі теорияға көбірек көңіл бөледі. Ал бұл жоба тәжірибелік және жобалық жұмыстарға басымдық береді. Оқушылар ғылыми зерттеулер жүргізіп, инженерлік шешімдер ұсынып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуді үйренеді. Бұл болашақта олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті
Сонымен қатар жоба өңірлік білім теңсіздігін азайтуға да ықпал етуі мүмкін. Қазақстанның әр аймағында талантты балалар бар, бірақ олардың барлығы бірдей сапалы білім мен заманауи ресурстарға қол жеткізе алмайды. Жоба осындай оқушыларға жаңа мүмкіндік ашып, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Бұл әлеуметтік әділдік пен білімдегі тең мүмкіндіктің маңызды көрінісі.
Меніңше, бұл мектептердің еліміздің білім жүйесіне әсері өте үлкен болады. Біріншіден, олар жаңа білім стандарттарын қалыптастырады. Яғни, басқа мектептер де осы тәжірибеге қарап, оқыту тәсілдерін жаңарта бастайды. Екіншіден, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді. Өйткені жоба аясында халықаралық тәжірибе, жаңа әдістемелер мен заманауи педагогикалық технологиялар енгізіледі. Үшіншіден, мектептер арасында бәсекелестік артып, білім сапасына деген талап күшейеді.
Зүлфия Төребекова,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті