Атырауда Таза Қазақстан жобасы қорытындыланды
Согласно информации сайта Newtimes.KZ, сообщает Qazaq24.com.
Атырауда «Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым — үздіктерге құрмет» қорытынды іс-шарасы өтті «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қорытындылау салтанатында экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұқыпты пайдалануға үлес қосқан үздік мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және белсенді азаматтар марапатталды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Биыл тұжырымдама аясында өңірде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, заңсыз қоқыс орындарын жою, өзен-көл маңын тазарту және экологиялық ағарту бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Бұл бастамалар Атырау облысының экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты, — деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбарасы Зарина Төребаева.
Қорытынды жиын барысында жылдық нәтижелер таныстырылып, «Таза Қазақстан» идеясын насихаттауда белсенділік көрсеткен азаматтар мен ұйымдар марапатталды.
Сондай-ақ жасыл кеңістікті көбейтуге атсалысқан мекемелерге арнайы номинациялар табысталды.
Жиынға депутаттар, экология саласының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:137
Эта новость заархивирована с источника 24 Ноября 2025 19:07 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















