Бір асыл тұқымды түйе сатып алуға мемлекет 175 мың теңге субсидия береді
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту аясында асыл тұқымды түйе сатып алу үшін шаруаларға берілетін мемлекеттік субсидия көлемін арттыру көзделген. Қазіргі таңда бір бас мал үшін субсидия мөлшері 100 мың теңгені құраса, ол 175 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
Субсидия мөлшерін өсіруге асыл тұқымды жануарлардың қымбаттауы себеп болып отыр.
"Бұдан басқа, түйе сүтін өндіру мен қайта өңдеуді субсидиялау жүзеге асырылуда, оның нормативі биылғы жылдың маусым айында 1 килограмына 55 теңгеден 190 теңгеге дейін ұлғайтылды. Инвестициялық субсидиялау қағидалары аясында жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын дамыту және мал шаруашылығы нысандарын су көздерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген, оның ішінде құдық қазу және ұңғыма бұрғылау бар. Инвестициялық шығындарды өтеу мөлшері 50 пайыз, ал Маңғыстау облысы үшін 80 пайыз деңгейінде белгіленген", – деді Олжас Бектенов.
Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін тираждау бағдарламасы шеңберінде түйе сүтін кептіру және сублимациялау зауыттарын салу жобаларына қолдау көрсету көзделген. Бұл жобалар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы іске асырылады.
Айта кетейік, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Ұлытау облыстары сияқты түйе шаруашылығы дәстүрлі түрде дамыған құрғақ аймақтарда жем-шөпке жұмсалатын шығындарды арзандатуға арналған субсидиялау тетігі қолданылады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:60
Эта новость заархивирована с источника 13 Ноября 2025 13:13 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















