Ғылым министрі міндетін орындамаған Болашақ түлектеріне салынатын айыппұлды арттыруға қолдау білдірді
По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжіліс депутаттарына берген жауабында олардың міндетін орындамаған "Болашақ" түлектеріне салынатын айыппұл мөлшерін арттыру туралы ұсынысын қолдайтынын білдірді.
"Министрлік тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) көлемін арттыру туралы ұсынысты қаржылық жауапкершілік тетіктерін одан әрі жетілдіру тұрғысынан орынды екенін атап өтеді. Сондай-ақ аталған бастаманы іске асыру мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, жауапкершіліктің, құқықтық айқындықтың, сондай-ақ жария әрі жеке мүдделердің теңгерімділігі ескерілген жан-жақты және кешенді талдауды талап етеді. Осыған байланысты аталған мәселе белгіленген тәртіппен пысықталатын болады", – деді министр.
Саясат Нұрбектің түсіндіруінше, тұрақсыздық айыбының мөлшері 2010 жылға дейін нақты жұмсалған қаражаттың 25 пайызын құраған. Алайда кейін түлектердің өтінішінің негізінде бұл мөлшер 10 пайызына дейін төмендетілген.
Министрліктің мәліметінше, 2013 жылдан бері бюджет кірісіне 14,5 млрд теңге қайтарылған. Оның ішінде республикалық бюджетке 2025 жылы – 2 290 528 197,48 теңге, ал 2026 жылдың І тоқсанында – 378 515 499,33 теңге қайтарылды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:107
Эта новость заархивирована с источника 16 Апреля 2026 18:11 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















