Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Хозяина нелегального птичьего питомника в Караганде освободили от наказания по амнистии

35 хищных птиц хранил житель Караганды

Волонтёр с большой дороги

Пациент ударил врача во время приёма в поликлинике Петропавловска

В Астане усилили контроль за соблюдением прав работников

Осудили карагандинцам, который держал дома 35 редких птиц,

Уходит эпоха: Тим Кук покидает пост главы Apple

Непал и Китай возобновили спасательные операции. Число погибших превысило 550 человек

Серебряная медаль : кто станет заместителем президента Данияр Ашимбаев

Интересы страны и граждан миссия и ответственность Курултая

Дадебая избрали спикером курултая в Казахстане

На все сто!

Почему жители малоэтажных районов Алматы так отчаянно выступают против нового генплана

Говорят депутаты Курултая

Не ведал, что творил

Ученые назвали признак повышенного риска деменции в пожилом возрасте

В зоне бедствия на границе Непала и Китая ищут уже трех казахстанок

Не ближе 35 метров: в Казахстане уточнили правила строительства у водоемов

Лучше поздно, но качественно

Суд Уральска арестовал местного жителя за одиночный пикет Аналитический интернет журнал Власть

Милан Кортина Олимпиадасы: Билет бағасы қанша, Қазақстан намысын кім қорғайды және жүлдегерлер қанша сыйақы алады

Милан Кортина Олимпиадасы: Билет бағасы қанша, Қазақстан намысын кім қорғайды және жүлдегерлер қанша сыйақы алады

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

6 ақпанда Италияда Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың дүбірлі додасы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Биыл қысқы ойындарға әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы қатысады. Ал Қазақстаннан қанша адам баратыны әзірге белгісіз. Қаңтар біткенше спортшылар халықаралық жарыстарға қатысып, Олимпиада лицензиясын алуға тырысады. 

Осы орайда Информбюро порталы 25-рет өткелі жатқан қысқы Олимпиада ойындары қалай өтетіні және Қазақстан құрамасының дайындығы туралы материал әзірледі.

Италияда өтетін төртінші Олимпиада

Италия тарихта төртінші рет Олимпиада ойындарын өткізгелі отыр. Миланда бірінші рет болмақ. Ал Кортина-д’Ампеццо араға жетпіс жыл салып бұл жарысты екінші рет қабылдайды.

Милан-Кортина 2026 ресми белгілері (маскот) – Тина және Мило атты екі ақкіс. Олардың эскизін мектеп оқушылары салған.

Олимпиадада 16 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Спорт түрлері: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек. Бұл Олимпиада ойындарының ерекшелігі спорт бағдарламасына алғаш рет ски-альпинизм енгізіледі.

Сайыстар Италияның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде өтеді. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Миланда "Сан-Сиро" стадионында өтеді. Ал әйгілі Пьяцца-дель-Дуомо алаңында марапаттау рәсімдері мен тікелей көрсетілімдер өтеді. Арена ди Верона тарихи амфитеатрында Олимпиада ойындарын ресми түрде жабылады. Олимпиада қалашықтары Милан, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццода орналасады.

Олимпиада медалі екі жарты бөліктен тұрады. Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамды бейнелейді. Медаль қайта өңделген металдан жасалған.

"Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді. Медальдар екі бөліктен құралған, оларды Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл – спорттағы ұзақ жолдың нәтижесі және сол жолда спортшының жанынан табылған жандардың еңбегіне деген құрмет", – делінген Милан-Кортина ойындарының ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Олимпиада билеттері

Билеттер тек цифрлық форматта сатылады. Олимпиада ойындарының ресми билет платформасы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми серіктесі On Location сайтынан алу керек. Басқа сайттардан алсаңыз билет жарамсыз болуы мүмкін. 

Сатып алу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Ең арзан билет 30 еуродан басталып, 1400 еуроға дейін жетеді. Ашылу ашылу салтанатының билеттері 260 еуродан басталып, 2026 еуроға дейін, ал Верона аренасындағы жабылу рәсімі 950 еуродан басталып, 2900 еуроға дейін жетеді. 

Барлық билет тек цифрлық форматта беріледі. Жарыстарға кіру үшін Milano Cortina 2026 мобильді қосымшасын қолдану қажет. Билет QR-кодын жарыстың басталуына 24 сағат қалғанда көруге болады. Қағаз билет мүлдем жоқ. Жоспарыңыз өзгерсе билетті қайтара аласыз. Бірақ 5% комиссия төлеуіңіз қажет.

Қазақстан құрамасының сапында кімдер бар

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, ұлттық құрама спортшылары 10 спорт түрі бойынша 58 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Атап айтқанда, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика. 

Биатлон, шаңғы жарысы, фристайл-могул және фристайл-акробатика секілді спорт түрлерінен лицензиялық іріктеу әлі аяқталған жоқ. Әлем кубогі кезеңдері біткен соң халықаралық рейтинг жарияланып, үздік спортшылар Олимпиада жолдамасын алады. Ұлттық құрама тізімі мен лицензия саны қаңтар айының соңында анықталады.

 Әзірге бар лицензиялар:

мәнерлеп сырғанаудан – 2; шорт-тректен – 9; конькимен жүгіруден – 12.

Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина жекелей сында ел намысын қорғайды.

Михаил Шайдоров

Шорт-тректен сайысқа төрт спортшы қатысады:

Денис Никиша (500 және 1000 метр, аралас эстафета); Абзал Әжғалиев (500 метр, аралас эстафета); Ольга Тихонова (500, 1000, 1500 метр, аралас эстафета); Яна Хан (500 және 1500 метр, аралас эстафета).

Биылғы қысқы ойындарға Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл – 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасымен шамалас көрсеткіш.

Медальға үміткерлер қатарында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина, конькиші Евгений Кошкин және шорт-трекшілер бар. 

Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасында Гран-при кезеңінде жүлдегер атанды. Денис Никиша 2024 және 2025 жылдары қатарынан екі мәрте шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңдерінде екі алтын медаль жеңіп алды. 

Қысқы ойындарға дайындық

Жақында Қазақстан ұлттық құрамасының формасы таныстырылды. Комиссия бекіткен эскиз Халықаралық Олимпиада комитетімен келісіліп жатыр. Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді. Форма демеушілер есебінен сатып алынған. 

Ал ашылу салтанатында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны әзірге белгісіз. Туды шорт-трекшілер Яна Хан мен Денис Никиша ұстап шығады деген ақпарат тараған болатын. Алайда туризм және спорт министрлігі мұны жоққа шығарып, ресми ақпарат енді жарияланатынын мәлімдеді.

Қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындауға 13,3 млрд теңге бөлінді. Олимпиадаға спортшылар жарыс басталардан бір апта бұрын барып, жергілікті климатқа бейімделеді.

Мемлекет тарапынан Олимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы қарастырылған:

алтын жүлдеге – 250 мың доллар; күміс жүлдеге – 150 мың доллар;  қола жүлдеге – 75 мың доллар төленеді. Қысқы ойындардағы Қазақстан нәтижесі

Қазақстан 1994 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Содан бері сегіз Олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола. Қысқы Олимпиада ойындарының алтыны әзірге шаңғышы Владимир Смирновтан өзге ешкімге бұйырмады. 1994 жылы Лиллихаммерде (Норвегия) қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, екі күміс медаль алды. Осылайша бір ғана спортшының арқасында Қазақстан жалпы есепте 12-орынға жайғасты. Норвегияға Қазақстан атынан 29 спортшы барды.

Владимир Смирнов жеңіс тұғырында

1998 жылы Жапонияда өткен Нагано Олимпиадасына Қазақстаннан 60 спортшы барды. Коньки тебуден Людмила Прокашева мен шаңғы сайысында Владимир Смирнов қола жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 20-орын иеленді. 

2002 жылы АҚШ-та Солт-Лейк-Ситиге Қазақстаннан 52 спортшы қатысқанымен, ұлттық құрама жүлдесіз оралды. 2006 жылғы Турин Олимпиадасында да 55 спортшы медаль ала алмады.

2010 жылы Ванкуверде Қазақстан көптен күткен медальға қол жеткізді. Биатлоннан 15 шақырым қашықтыққа сынға түскен Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанды. Бұл Олимпиадаға 37 қазақстандық спортшы қатысты. Жалпы есепте ұлттық құрама 25-cатыға жайғасты.

2014 жылғы Сочи Олимпиадасына 51 спортшы қатысып, Денис Тен мәнерлеп сырғанауден тарихи қола жүлдеге қол жеткізді. Жалпы есепте Қазақстан 26-орын иеленді. 

2018 жылы өткен Пхенчхан Олимпиадасында Юлия Галышева фристайл могулдан қола жүлдеге ие болды. Қазақстаннан 46 спортшы қатысып, ұлттық құрама жалпы есепте 28-орыннан көрінді. 

2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық 34 спортшы бақ сынап, ешқайсы жеңіс тұғырына көтеріле алмады. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:204
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 13 Января 2026 11:08
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Хозяина нелегального птичьего питомника в Караганде освободили от наказания по амнистии

28 Августа 2026 16:06see296

35 хищных птиц хранил житель Караганды

28 Августа 2026 18:44see208

Волонтёр с большой дороги

28 Августа 2026 17:39see206

Пациент ударил врача во время приёма в поликлинике Петропавловска

28 Августа 2026 19:24see205

В Астане усилили контроль за соблюдением прав работников

28 Августа 2026 17:54see204

Осудили карагандинцам, который держал дома 35 редких птиц,

28 Августа 2026 21:32see202

Уходит эпоха: Тим Кук покидает пост главы Apple

28 Августа 2026 16:54see202

Непал и Китай возобновили спасательные операции. Число погибших превысило 550 человек

28 Августа 2026 21:03see201

Серебряная медаль : кто станет заместителем президента Данияр Ашимбаев

28 Августа 2026 15:50see190

Интересы страны и граждан миссия и ответственность Курултая

29 Августа 2026 00:42see187

Дадебая избрали спикером курултая в Казахстане

28 Августа 2026 15:02see187

На все сто!

29 Августа 2026 03:00see185

Почему жители малоэтажных районов Алматы так отчаянно выступают против нового генплана

28 Августа 2026 17:44see185

Говорят депутаты Курултая

29 Августа 2026 06:05see181

Не ведал, что творил

28 Августа 2026 14:16see180

Ученые назвали признак повышенного риска деменции в пожилом возрасте

28 Августа 2026 22:20see177

В зоне бедствия на границе Непала и Китая ищут уже трех казахстанок

29 Августа 2026 11:06see175

Не ближе 35 метров: в Казахстане уточнили правила строительства у водоемов

28 Августа 2026 21:47see171

Лучше поздно, но качественно

28 Августа 2026 18:35see169

Суд Уральска арестовал местного жителя за одиночный пикет Аналитический интернет журнал Власть

29 Августа 2026 16:19see166
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня