Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

Учитель нации и хранитель слова

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

Қазақстанның министрлер кабинеті неше жаста? Жаңарған үкіметке жан жақты шолу

Қазақстанның министрлер кабинеті неше жаста? Жаңарған үкіметке жан жақты шолу

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс жасады. Төрт министрліктің басшысы ауысып, қалғандары өз орнын сақтап қалды.

Осы орайда Информбюро порталы үкіметтің қаншалықты жасарғанын, әйел министрлердің үлесін есептеді. 

Ескерту: есепке үкімет басшысы, оның орынбасарлары және министрлерінің жасы алынды. 

Кім орнында қалды?

Премьер-министр мен оның орынбасарлары орнында қалды:

Нұрлыбек Нәлібаев – премьер-министрдің бірінші орынбасары; Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы; Қанат Бозымбаев – премьер-министрдің орынбасары; Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі; Жаслан Мәдиев – премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Қызметін жалғастыратын министрлер:

Ержан Сәденов – ішкі істер министрі; Дәурен Қосанов – қорғаныс министрі; Айдарбек Сапаров – ауыл шаруашылығы министрі; Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі; Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі; Мәди Такиев – қаржы министрі; Арман Шаққалиев – сауда және интеграция министрі; Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі; Ербол Мырзабосынов – туризм және спорт министрі; Ерлан Сәрсембаев – әділет министрі; Ерсайын Нағаспаев – өнеркәсіп және құрылыс министрі; Ерлан Ақкенженов – энергетика министрі; Нұрлан Сауранбаев – көлік министрі; Жұлдыз Сүлейменова – оқу-ағарту министрі; Асқарбек Ертаев – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Кімдер келді?

Жаңа Үкімет құрамында төрт министр ауысты. Бірақ оның екеуі бұрын министр қызметінде болған.

Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалып, бұл қызметте Ермек Көшербаевты алмастырды; Мұрат Мұханов ҚР Төтенше жағдайлар министрі атанып, Шыңғыс Әріновті алмастырды; Әлібек Қуантыров ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалып, Ерлан Нысанбаевтың орнына келді; Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып, Аида Балаеваны алмастырды.

Мұхтар Тілеуберді үш жылдан соң сыртқы істер министрі қызметіне оралды. Ол министрлікті 2019-2023 жылдары басқарған еді. Кейін Қазақстанның Австриядағы елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды. 

Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған Әлібек Қуантырова 2022-2024 жылдары ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Кейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне ауысты. 

Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне келген Арман Қырықбаев бұған дейін Президент әкімшілігінде және мәдениет саласындағы мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарған. 2025 жылғы ақпаннан бастап Мемлекет басшысының көмекшісі болды. 

Мұрат Мұханов ІІМ аппаратының басшысы қызметінен көтеріліп, төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол 2024-2026 жылдары Маңғыстау облысы ТЖД бастығы қызметін атқарды. Биыл маусым айында төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалған

Үкімет қаншалық жасарды?

Үкімет құрамында 25 адам бар. Оның 21-і қызметінде қалды. Төрт министрліктің ғана басшысы ауысты. Сонда үкімет 16%-ға жаңарды. Қалған 84%-ы орнында қалды. Екі министр бұрын министрлер кабинетінде болғанын ескерсек, жаңа министрлер – екеу ғана.

Үкіметтің орташа жасы 50,68 жасты құрады:

Ең жас министр – 1985 жылы туған төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов. Ол – 41 жаста. Ең үлкені – 1966 жылы туған ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. Ол – 60 жаста.

Бұған дейін үкіметтің орташа жасы 51,88-ді құраған болатын.

Әйел министрлер қанша?

Аида Балаева министр болған кезде үкіметте үш әйел адам бар еді. Енді екеу ғана. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орнын сақтап қалды. Министрлер кабинетінде 25 адам болса, соның 23-і – ер адамдар. Қалған екеуі – әйел адам. Ерлердің үлесі – 92%, ал әйелдер – 8%. 

Осы уақытқа дейін әйелдер тек денсаулық сақтау, білім, мәдениет және ақпарат, әлеуметтік саланы басқарып келді. Ал қорғаныс, сыртқы және ішкі істер, қаржы, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын тек ерлер басқарды. Десе де басқа да министрліктерді басқарған әйел саясаткерлер бар. 2005-2009 жылдары Зағипа Балиева әділет министрі қызметін атқарса, Жанар Айтжанова экономикалық даму және сауда министрлігін басқарды. 2023 жылы ең жас министр болған Зүлфия Сүлейменова экология министрлігіне басшы болып келді. Әр жылдары Гүлшара Әбдіхалықова, Дариға Назарбаева, Тамара Дүйсенова және Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Министрлер кабинетінде көп дегенде бір уақытта төрт әйел адам ғана министр болды.

Қанша министр шетелде оқыған?

Министрлердің өмірбаянын қарағанда, 9 министр шетелде оқығанын анықтадық. Соның ішінде үш министр –"Болашақ" түлегі.

Ғалымжан Қойшыбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған. Ал Серік Жұманғарин Мәскеу энергетика институтын "Жылу физикасы" мамандығы бойынша бітірген.

Жаслан Мәдиев 2007 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. 2016 жылы Массачусетс технологиялық институтының MBA-ін бітірген. 

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.

Айдарбек Сапаров Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 

Саясат Нұрбек те – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол АҚШ-тағы Маршаллтаун колледжін саясаттанушы мамандығы бойынша, Италиядағы La Sapienza университетін "Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік" мамандығы бойынша бітірген.

Нұржан Нұржігітов 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мұрат Мұханов РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

Әлібек Қуантыров Томск мемлекеттік университетінде "Қаржы және кредит" пен "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандықтарын тәмамдаған. 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алды.

Министрлердің мамандығы қандай?

Министрлердің басым көпшілігі – экономист, қаржыгер, заңгер. Алғашқы оқыған мамандықтары басқа болса да, көпшілігі кейіннен осы мамандықтарды оқып алған.  

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың мамандығы – экономика және менеджмент. Еңбек жолын мұнай өндіру бойынша сарапшы ретінде бастаған. 

Ғалымжан Қойшыбаев еңбек жолын дипломат ретінде бастаған. Арман Қырықбаев та – дипломат. Еңбек жолын сыртқы істер министрлігінде референт болып бастаған.

Қанат Бозымбаевтың мамандығы – экономист. Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастаған. 

Серік Жұманғаринтің мамандығы – физик, экономист. 1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысып, 2005 жылы ғана мемлекеттік қызметке келген.

Жаслан Мәдиевтің мамандығы – экономист, қаржыгер. Еңбек жолын банкте қарапайым маман ретінде бастаған.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов еңбек жолын полиция қызметкері ретінде бастаған. Ал қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың мамандығы – ұшқыш. Еңбек жолын Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған.

Экономист Әлібек Қуантыров еңбек жолын министрліктің департаментінде жетекші маманы болып бастаған.

Айдарбек Сапаровтың алғашқы білімі – зооинженер, еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған. 

Саясат Нұрбектің мамандығы – саясаттанушы. Еңбек өтілін АҚШ-та оқып жүргенде Конгресстің Орталық сайлау штабында, сондай-ақ президенттік кампанияда жұмыс істеп бастаған.

Ақмарал Әлназарованың мамандығы – педиатр. Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған. Кейін экономист мамандығын оқыған.

Мәди Такиевтің мамандығы – бухгалтер. Еңбек жолын бас есепшісі болып бастаған.

Арман Шаққалиевтің мамандығы – заңгер. Еңбек жолын заң кеңесшісі болып бастаған.

Нұржан Нұржігітовтің мамандығы –  техник-механик. Еңбек жолын Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант ретінде бастаған.

Ербол Мырзабосынов "дене шынықтыру және спорт" мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған. 

Ерлан Сәрсембаевтың алғашқы мамандығы – радиоинженер. 1998-2002 жылдары ҚР Қарулы күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған. 2000 жылы заңгер мамандығын тәмамдаған.

Ерсайын Нағаспаев халықаралық экономикалық қатынастар мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.

Ерлан Ақкенженовтың мамандығы – заңгер-құқықтанушы. Еңбек жолын бас маман ретінде бастаған.

Нұрлан Сауранбаев саяси экономика мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастаған. 

Жұлдыз Сүлейменова тарих мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын студенттік ұйым төрағасы болып бастаған.

Асқарбек Ертаев еңбек жолын әкімдік аппаратында маман болып бастаған. Ал Мұрат Мұхановтың мамандығы – өрт қауіпсіздігі. Еңбек жолын инженер ретінде бастаған.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:95
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 07 Сентября 2026 09:06
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

06 Сентября 2026 17:46see296

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see150

Учитель нации и хранитель слова

06 Сентября 2026 17:57see143

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

06 Сентября 2026 18:02see141

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

06 Сентября 2026 20:20see138

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

06 Сентября 2026 18:17see137

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

06 Сентября 2026 18:02see136

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

06 Сентября 2026 17:57see135

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

06 Сентября 2026 17:55see134

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see134

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

06 Сентября 2026 18:09see132

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

06 Сентября 2026 17:55see131

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

06 Сентября 2026 18:01see130

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

06 Сентября 2026 18:02see129

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

06 Сентября 2026 18:10see129

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

06 Сентября 2026 17:53see129

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

06 Сентября 2026 17:57see128

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

06 Сентября 2026 22:36see127

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

06 Сентября 2026 17:46see126

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

06 Сентября 2026 17:51see124
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня