WhatsApp және Telegram бұғаттау: Ресейде тұрғындар Роскомнадзорды сотқа берді
По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Ресейде Telegram және WhatsApp мессенджерлерін пайдаланушы 42 адам Мәскеудің Таганск сотына Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияны қадағалау қызметі (Роскомнадзор) және Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің үстінен арыз түсірді, деп хабарлады РБК.
Тұрғындар бұл арызы арқылы аталған құзырлы органдардың WhatsApp және Telegram мессенджерлерін ішінара бұғаттауын азаматтардың құқықтық мүдделерін бұзатынын алға тартып, заңсыз деп тануды сұраған. Еске салайық, бұл мессенджерлер Ресейді тыйым салынған және эксремистік деп танылған Meta компаниясына тиесілі.
"Шағымданушылар Ресейдің орталық банкінің мәліметіне сүйеніп, алаяқтық әрекеттер мессенджерлер арқылы емес, негізінен мобильдік байланыс және смс арқылы жасалатынын алға тартады", – делінген РБК хабарламасында.
Айта кетейік, Ресейде 2025 жылғы тамызда Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы қоңырау шалуға шектеу қойылды. Ал өткен аптада Роскомнадзор егер мессенджер Ресей заңнамасының талаптарын орындамайтын болса, WhatsApp мессенджері Ресей аумағында толықтай бұғатталатынын ескертті.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:92
Эта новость заархивирована с источника 24 Декабря 2025 10:44 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















