110 мың теңге: Қазақстанда ең төменгі жалақы 27 жылда 41 есе өсті

29.10.2026

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді. Informburo.kz соңғы жылдары ең төменгі жалақының қалай өзгергенін, оның қандай төлемдерге әсер ететінін және бұл көрсеткіштің халықтың сатып алу қабілеті үшін маңызын қарастырды.

Ең төменгі жалақы деген не?

Ең төменгі жалақы – еңбекақының заңмен белгіленген ең төменгі шегі. Қазақстанда ең төменгі жалақы ұғымы алғаш рет 1991 жылы заңнамалық тұрғыда бекітілді. Ал  1993 жылы ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілгеннен кейін ең төменгі жалақы 13 теңге болып белгіленді.

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкер белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық орындап, еңбек міндеттерін атқарған жағдайда оның айлық жалақысы ең төменгі мөлшерден кем болмауға тиіс.

Бұл талап жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу жүйесіне тікелей қатысты. Егер қызметкердің жалақысы заңда белгіленген төменгі шекке тең болса, ең төменгі жалақы мөлшері көтерілген кезде жұмыс беруші оның еңбекақысын жаңа талапқа сай көтеруі керек.

Дегенмен ең төменгі жалақының өсуі барлық қызметкердің табысы автоматты түрде бірдей мөлшерде артады дегенді білдірмейді. Мысалы, жалақысы жаңа белгіленген шектен жоғары қызметкерлердің табысы олардың еңбек шартына, жұмыс берушінің шешіміне және қолданыстағы жалақы жүйесіне байланысты.

Ол соңғы жылдары қалай өзгерді?

Copy: Untitled
Infogram

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері соңғы жылдары бірнеше рет өсті. 2019 жылы ол 42 500 теңге болса, 2022 жылы – 60 мың теңгеге, 2023 жылы 70 мың теңгеге жетті. 2024 жылы көрсеткіш 85 мың теңгеге дейін көтерілді. Одан кейінгі екі жылда оның мөлшері өзгерген жоқ.

Осылайша, 2019-2026 жылдары ең төменгі жалақы номиналды түрде екі еседен астам өсті. Ал 2027 жылға жоспарланған 110 мың теңгелік мөлшер 2026 жылғы деңгейден 29,4 пайызға жоғары болады.

ЕТЖ-мен бірге қандай төлемдер өзгереді?

Ең төменгі жалақының 110 мың теңгеге дейін көтерілуі жұмысынан айырылу, бала күтімі, жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемдердің жоғарғы шегіне, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының есептеу шектеріне әсер етеді.

Жұмыссыздық бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45%-ынан аспайды. Ең төменгі жалақы 110 мың теңге болғанда төлемнің жоғарғы шегі зейнетақы жарналары ұсталғанға дейін айына 346 500 теңгені құрайды. Нақты төлем адамның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына байланысты есептеледі. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем соңғы 24 айдағы орташа табыстың 40%-ы мөлшерінде есептеледі. Оның жоғарғы шегі жеті ең төменгі жалақының 40%-ымен шектеледі. Демек, 2027 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемнің ең жоғары мөлшері айына 308 мың теңге болады. Міндетті зейнетақы жарналары ұсталғаннан кейін төленетін сома 277 200 теңгені құрайды. Жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем соңғы 12 айдағы орташа табыс пен еңбекке жарамсыздық демалысының ұзақтығына қарай есептеледі. Ұзақтығы 126 күн болатын стандартты демалыс үшін 4,2 коэффициенті қолданылады. Осылайша келесі жылы бұл төлемнің жоғарғы шегі зейнетақы жарналары ұсталғанға дейін 3 млн 234 мың теңгеге жетеді. Әлеуметтік төлемдер: 5% мөлшерлемемен есептелетін әлеуметтік аударымдардың ең төменгі айлық сомасы 4 250 теңгеден 5 500 теңгеге, ал ең жоғары сомасы 29 750 теңгеден 38 500 теңгеге дейін өседі. Міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын табыстың 10%-ын құрайды. Жарналарды есептеу үшін ескерілетін табыстың жоғарғы шегі 50 ең төменгі жалақымен шектелген. Сондықтан ең төменгі жалақы 110 мың теңге болғанда бұл шек айына 4,25 млн теңгеден 5,5 млн теңгеге дейін көтеріледі. Осыған сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының жоғарғы шегі 425 мың теңгеден 550 мың теңгеге дейін артады.

Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы Рамазан Есенғазиевтың пікірінше, жалақының өсуі халықтың ақшалай табысы мен үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарын арттырып, экономикалық белсенділікке оң әсер етеді.

"Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында азаматтардың нақты табысын өсіруге және ішкі сұранысты қолдауға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру шамамен 1,8 миллион адамға әсер етіп, ішкі сұранысты ынталандыратын қосымша факторға айналуы мүмкін. Экономикалық зерттеулер институтының есептеуінше, тұтынушылық сұраныстың артуы есебінен ең төменгі жалақының көтерілуі нақты жалпы ішкі өнімнің өсіміне 0,22 пайыздық тармақ қосуы мүмкін. Жалақының өсуі халықтың ақшалай табысы мен үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарын арттырып, экономикалық белсенділікке оң әсер етеді", – деді сарапшы.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью