Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Жерде 9 қазанда магниттік дауыл басталуы мүмкін. Бұған жақында болған Күн жарқылдары кезінде Жерге қарай лақтырылған күн плазмасының бұлттары себеп болады. Бұл туралы "Фобос" ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леус мәлімдеді.
Халықаралық болжам жасау орталықтарының есептеуінше, күн бөдшектерінің бұлттары Жерге жұма күні таңертең жетуі ықтимал.
Сол күні геомагниттік өрісте әлсіз және орташа деңгейдегі, яғни G1-G2 санатындағы ауытқулар болуы мүмкін. Магниттік белсенділіктің жоғары деңгейі шамамен екі тәулік сақталады деп болжанып отыр.
Бұған дейін 6 қазанда Күнде қуаты бойынша алдыңғы қатардағы M санатына жататын бірнеше жарқыл тіркелгені хабарланған еді. Оның барысында Жерге қарай бағытталған екі ірі плазма бұлты шығарылған.
Мамандардың болжамынша, геомагниттік өріс 11 қазанға қарай қайтадан қалыпты күйіне оралады.