Адамның күш қуаты 35 жастан қайтатынын анықтау үшін ғалымдар 47 жыл зерттеу жасаған

15.10.2026

Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Швециядағы Каролинска институтының зерттеушілері адамның бұлшықет төзімділігі мен дене қуатының 35 жастан әлсірей бастайтынын анықтау үшін 47 жыл зерттеу жасаған. Бұл туралы Sciencedaily.com жазды. 

Аталған зерттеу "адамның қартаюын тежеуге бола ма?" деген сұраққа жауап іздеу мақсатында жүргізілген. Зерттеу қорытындысы: бұл мүмкін емес!

"Үнемі денсаулығын күтіп, физикалық жаттығулар жасайтын адамның өзінде жасы келе бұлшықетінің төзімділігі әлсірейді, физикалық мүмкіндіктері азая бастайды. Бұл процесс 35 жастан басталады", – деп жазады зерттеушілер. 

Дегенмен, ғалымдар, бұлшықеттің әлсіреп, адамның күш-қуатының қайтуы әр адамда әркелкі болатынын жоққа шығармайды. Физикалық жаттығуларды тиянақты жасайтын адамдардың бұлшықеті егде жаста да өзге адамдардыкіне қарағанды қуаттырақ болады. Сәйкесінше, спортпен немесе дене шынықтырумен айналысу ешқашан кеш емес. 

"Бірақ, қартаю процесіне бұл арқылы қарсы тұра алмаймыз. Адам 35 жастан асқан соң бәрібір оның күші қайта бастап, өзі әлсірейді. Жаттығулар дене сымбатын сақтауға бұрынғыша көмектесе алмайды", – деп жазады Швеция ғалымдары. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
Читать полностью