Алматы базарларының бірінде 13 мыңнан астам заңсыз жұмыртқа тәркіленіп, көзі жойылды

11.06.2026

Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және Қазақстан құс өсірушілер одағымен бірлесіп, қаланың сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Инспекция мамандары "Барыс-IV" базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтады. Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға жұмыртқа әкелуге тыйым күшіне енді: транзитке шектеу жоқ

Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне сәйкес жүргізілді. 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды.

"Алдын алу шаралары оқиғадан кейін көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды", – делінген хабарламада.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью