Алматыда балаларға арабша есім беру әлі де сәннен қалмай тұр

30.03.2026

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы жыл басынан бері сәбилерге қойылған ең танымал есімдерді атады. 

Қыз балалар арасында ең танымал үш есім – Айлин, Асылым, Томирис болса, ұл балалар арасында Мұхаммед, Алан және Алихан есімдері жиі қойылған. 

Одан, бөлек балаларға жиі берілетін есімдер қатарында Али, Әлем, Рамазан, Амир, Айсұлтан, Хамза, Медина, Сафия, Айым, Адия және Аялада бар.

"Бүгінде ата-аналар есім таңдауда ұлттық дәстүр мен заманауи үрдістерді ұштастыруға мән береді. Мағынасы терең, айтуға жеңіл әрі әуезді есімдерге сұраныс артып келеді. Бұл ұлттық болмыс пен заманауи трендтердің үйлесімін көрсетеді", – делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының хабарламасында. 

Айта кетейік, 2026 жылы Алматыда 8900 туу туралы акт тіркелген. Оның ішінде 4653-і – ұл бала, 4247-сі – қыз бала. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью