Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.
Алматыда Қазақстан мен Орталық Азиядағы комплаенс саласының ең маңызды кәсіби шараларының бірі – IV Compliance Forum 2025 өтті. "AI. ESG.
Data Protection. Crypto: уақыт – жауапкершілікпен әрекет ету" тақырыбымен өткен форум бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдарды, халықаралық
Биылғы басқосу жаһандық реттеушілік ортаның күрделенуі мен корпоративтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жаңа талаптарды талқылауға арналды.
Форум барысында соңғы жылдары әлемдік деңгейде тәуекелдердің бұрын-соңды болмаған өсімі байқалып отырғаны атап өтілді.
Соңғы үш жылда санкциялық шаралардың көлемі 45 пайыздан астам өсіп, бірқатар елде санкциялық тізімдер ай сайын бірнеше рет жаңарып отыр.
Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылы деректердің заңсыз таралуынан келген жаһандық шығын 4,88 млрд долларға жеткен, ал компаниялардың 91 пайызы алдағы бес жылда үздіксіз комплаенс жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Фото: Compliance Forum ұйымдастырушылары Форумда криптоактивтер нарығының қарқынды дамуы және осы саладағы тәуекелдердің артуы да негізгі талқылау тақырыптарының бірі болды.