Әскерде сарбаз намаз оқи ала ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді

17.06.2026

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, Қарулы күштер қатарында діни сенім мен әскери қызмет бірге қарастырылмайды, деп мәлімдеді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

Министр орынбасары заң бойынша діни сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тарту нормасы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, егер ондай ереже болса, кез келген адам діни ұстанымын желеу етіп, Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарар еді.

Журналистер Қорғаныс министрінің орынбасарынан "Әскерге келген сарбаздардың діни ғибадат жоралғыларын жасауына рұқсат беріле ме?" деп сұрады. Спикер әскери бөлімдерде мұндай мүмкіндік қарастырылмағанына тоқталып, сарбаздардың тек бекітілген ережеге бағынатынын кесіп айтты.

"Біздің күн тәртібімізде қарастырылмаған. Сондықтан келген бала әскердің күн тәртібімен қызметін атқарады. Біздің мемлекетіміз – зайырлы мемлекет. Жаңа Конституция бойынша да, дін әскер мен саясаттан бөлек болуы керек. Қарулы күштер ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін орган болғандықтан, ол – бөлек институт", – деді Асқар Мұстабеков.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында перзентхана жөндеген құрылысшылар 4 айдан бері жалақысын ала алмай жүр

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью